Жаңалықтар
Көкшетау құрамасы Ақмола облысының баскетбол чемпионатында жеңіске жетті
18 ақпан 2025 14:45
12-14 ақпан күндері Ақкөл қаласында 2008–2009 жылы туған жасөспірімдер арасында Ақмола облысының баскетбол чемпионаты өтті. Жарыс барысында аймақтың үздік командалары өз шеберліктерін көрсетіп, тартысты ойын өрнегін ұсынды.
Көкшетау құрамасының қатарында NIS 10-сынып оқушылары Тамир Қасқаров пен Мансұр Ғалымжан өнер көрсетті. Жоғары дайындық пен ұйымшылдықтың арқасында команда бірінші орынды жеңіп алды.
Тамир Қасқаров жеке шеберлігімен ерекшеленіп, «Үздік қорғаушы» атағына ие болды.