logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Жақсылыққа қадам: Көкшетаудағы NIS-те қайырымдылық жәрмеңкесі өтті

20 ақпан 2025 11:08

Көкшетаудағы NIS-те мектеп қауымдастығы ұйымдастырған қайырымдылық жәрмеңке өтті. Жиналған барлық қаражат туа біткен жүрек ақауымен ауыратын Алдияр Азаматтың еміне бағытталады.

Іс-шара барысында сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары мен оқушылар және олардың ата-аналары дайындаған үй тағамдары ұсынылды. Жәрмеңке қонақтары ұсынылған тауарларды қуана сатып алып, игі іске өз үлестерін қосты.

Әр шанырақтың оқушылары жәрмеңкенің ұйымдастыру жұмысын үйлестіріп, іс-шараның дұрыс өтуін қадағалап отырды.