Жаңалықтар
Тәжірибе алмасу: кәсіптік бағдар берудегі жаңа тәсілдер
21 ақпан 2025 09:38
Көкшетаудағы NIS маманы Алихан Казиденов кәсіптік бағдар беру бойынша облыстық семинарда тәжірибесімен бөлісіп, кәсіптік бағдар берудің негізгі аспектілері туралы айтып өтті.
Кездесу барысында ол оқушылардың мамандық таңдауға саналы түрде қарауына көмектесетін әдістерді таныстырып, кәсіптік бағдар аясында жоғары сынып оқушыларының кіші сынып оқушыларымен өзара әрекеттесуін талқылады, сондай-ақ ата-аналар мен балаларға кеңес берудің маңызды тұстарын атап өтті.