Жаңалықтар
Лариса Отыншеева – үздік жыл мұғалімі 2025
24 ақпан 2025 10:07
Көкшетаудағы NIS-те «үздік жыл мұғалімі 2025» байқауының мектепішілік кезеңі өтті.
Бес ұстаз өздерінің кәсіби және шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, педагогикалық тапсырмаларды шешіп, күрделі жағдайларды талдап, сұрақтарға жауап берді.
Бұл байқау тек терең білімді ғана емес, сонымен қатар шығармашылық ойлауды талап ететін нағыз шеберлік сынағына айналды. Әрбір қатысушы өзін ерекше қырынан танытты, алайда олардың арасынан озық шығып, Отыншеева Лариса «үздік жыл мұғалімі 2025» атағына ие болды.
Екінші орынды Баян Кульмаганбетова иеленсе, үшінші орын Айсулу Лепесбаеваға бұйырды.