Жаңалықтар
Көкшетаудағы NIS оқушылары – Республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары
24 ақпан 2025 15:30
Көкшетаудағы NIS оқушылары өздерінің жоғары білім деңгейін, шығармашылық қабілеттерін және инновацияға деген ұмтылысын тағы бір мәрте дәлелдеді. «Дарын» республикалық ғылыми жобалар байқауының қорытынды кезеңінде олар бірегей жобаларын ұсынып, жүлделі орындарға ие болды.
10-сынып оқушысы Юсуф Мухамбеткалиев 1-орынға ие болып, «EasyBreath» жобасын ұсынды. Бұл – бронхтық демікпемен ауыратын балаларға арналған инновациялық құрылғы.
Ғылыми жетекшілер: Жанар Шахметова, Евгений Фомичев
12-сынып оқушылары Аружан Құстүтін мен Айша Аманбай 3-орынға ие болды. Олардың «Demeu» жобасы – есту қабілеті бұзылған адамдарға көмектесетін заманауи жүйе. Бұл жоба қажырлы еңбек пен ғылыми ізденістің нәтижесі:
««Demeu» жобасы бойынша біз жетекшіміз Евгений Юрьевичпен бірге бір жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеміз. Байқауға жаңа оқу жылынан бастап дайындалып, идея мен презентацияны жетілдіруге тырыстық. Қорғау кезінде өзімізді сенімді сезіндік. Бірақ 3-орынға ие болған кезде – қуанышымызда шек болмады» – деп бөлісті Айша Аманбай.
Ғылыми жетекшілер: Жангозы Онгарбай, Евгений Фомичев