logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Адиль Суиндыков – Spelling Bee байқауының жеңімпазы

24 ақпан 2025 16:09

Көкшетаудағы NIS-тің 10-сынып оқушысы Адиль Суиндыков Астанада өткен Spelling Bee байқауының финалында жеңіске жетті.

Spelling Bee – бұл қатысушылардың ағылшын сөздерін дұрыс айту дағдыларын сынайтын ерекше байқау. Адиль өзінің жоғары деңгейдегі тілдік білімі мен сенімділігін көрсетіп, 1-орын иеленді.

Жеңімпазға Ұлыбританияда бір апталық тілдік курс сыйға берілді. Бұл оның ағылшын тілін одан әрі жетілдіруіне және елдің мәдениетімен жақынырақ танысуына тамаша мүмкіндік.