logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«Сегіз қырлы, бір сырлы» зияткерлік ойыны

26 ақпан 2025 10:43

Көкшетаудағы NIS-те «Сегіз қырлы, бір сырлы» зияткерлік ойыны өтеді, онда мектеп командалары өздерінің логикасын, білімін және тапқырлығын көрсетуге мүмкіндік алады.

Жарысқа бес оқушыдан, бір пән мұғалімінен және куратордан тұратын командалар қатысады. Бірнеше іріктеу кезеңінің нәтижесінде финалда бақ сынайтын алты үздік команда анықталады.

Алғашқы кезең 25 ақпанда өтті, онда «Атамекен», «Тұран», «Бектау ата», «Каспий» және «Тенгри» командалары сынға түсті.

 4 наурызда өтетін келесі кезеңде «Ұлытау», «Бурабай», «Сырдария», «Оқжетпес» және «Сырымбет» командалары жарысады. 7 сәуірде «Алтын Емель», «Жетісу», «Алатау», «Көкшетау» және «Шарын» өзара мықтыны анықтайды.

8 сәуірде өтетін финалда үздік алты команда жеңімпаз атағы үшін тартысқа түседі.