logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Сая Жапарова Ақмола облысындағы жаңа кәсіптер мен еңбек нарығы туралы кездесу өткізді

04 наурыз 2025 09:19

Техникалық ғылымдар кандидаты, ассоциацияланған профессор, С. Сәдуақасов атындағы Агротехникалық институттың директоры Сая Жапарова Көкшетау NIS оқушыларымен кездесіп, Ақмола облысындағы жаңа кәсіптер мен еңбек нарығының үрдістері туралы танымдық сұхбат өткізді.

Кездесу барысында Сая Жапарова өңірдің негізгі салалары, заманауи кәсіпорындары және экономиканың даму перспективалары туралы айтты. Ол әсіресе болашақта сұранысқа ие болатын мамандықтар, жаңа құзыреттер және технологиялық өзгерістердің еңбек нарығына әсері туралы маңызды ақпаратпен бөлісті.

Сондай-ақ, спикер Ақмола облысының жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласын таныстырып, алдағы жылдары сұранысқа ие болатын мамандықтар мен бағыттарды атап өтті.

Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтті, онда оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, болашақ мамандық таңдауға қатысты құнды кеңестер алды.