Жаңалықтар
Таир Жанабаев республикалық олимпиадада қола жүлдеге ие болды
17 наурыз 2025 16:13
Көкшетаудағы NIS-тің 9-сынып оқушысы Таир Жанабаев химия және информатика пәндері бойынша өткен республикалық олимпиадада 3-ші орын алды.
Зияткерлік сайыс Ақтау қаласында өтіп, Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 307 дарынды оқушыны жинады. Қатысушылар екі тур бойы күрделі теориялық және практикалық тапсырмаларды орындап, өздерінің терең білімдерін және аналитикалық ойлау қабілеттерін көрсетті.
Таир келесі жылы дайындықты одан әрі күшейтіп, алтын жүлдені жеңіп алуды мақсат етіп отырғанын айтты. Ол өзінің жетістігінде ең басты Тойжан Беремжанова мен Самал Сатиеваның еңбегі ерекше рөл атқарғанын атап өтті.
«Олардың қолдауы, білімі мен жетекшілігі менің жетістігіме зор ықпал етті, сол үшін оларға алғысымды білдіремін. Әрине, өзімнің табандылығым да үлкен рөл атқарды, онсыз мұндай нәтижеге қол жеткізу оңай болмас еді» – деді ол.