Жаңалықтар
«Домбыра Day»
18 наурыз 2025 15:57
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында Көкшетаудағы NIS-те ұлттық мәдениетті сақтау мен насихаттауға бағытталған «Домбыра Day» атты әсерлі шара өтті.
Бұл күні мектеп қабырғасы домбыраның күмбірлеген әуенімен жаңғырып, ұлттық рухқа бөленді. Оқушылар атақты халық күйлерін орындап, қазақ халқының терең рухани әлемін музыка арқылы жеткізді.
Домбыра – жай ғана музыкалық аспап емес, ол – қазақ халқының символы, оның тарихы, даналығы мен дәстүрі. Осындай шаралар ұлттық өнерді жаңғыртып, оның құндылықтарын өскелең ұрпаққа жеткізуге ықпал етеді.