logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«Мектепті тиімді басқару: стратегиядан нәтижеге дейін»

18 наурыз 2025 16:06

Көкшетаудағы NIS қабырғасында білім беру мекемелерін тиімді басқару мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға мектеп директорлары, олардың орынбасарлары және білім беру саласының мамандары қатысты.

Дөңгелек үстел барысында спикерлер мектеп басқарудағы табысты тәжірибелерімен бөлісіп, стратегиялық жоспарлау мен білім беру үдерісіне инновациялық әдістерді енгізу мәселелерін талқылады. Қатысушылар белсенді түрде тәжірибе алмасып, нақты басқарушылық жағдайларды қарастырып, күрделі мәселелердің шешімдерін ұсынды.

Ерекше назар педагогикалық команданы қалыптастыру, білім беру үдерісін жоспарлау және өзгерістерді басқару мәселелеріне аударылды. Тренингтер мен шеберлік сабақтары барысында тиімді коммуникация әдістері және жасанды интеллект технологияларын білім беру саласында қолдану мүмкіндіктері талқыланды.