Жаңалықтар
Көкшетаудағы NIS-те тірек мектептеріне арналған вебинар өтті
19 наурыз 2025 09:52
Көкшетаудағы NIS-те ауылдық жерлердегі тірек мектептерінің әлеуетін дамыту жобасы аясында вебинар өтті. Іс-шараға Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты.
Вебинар ауыл мектептерін дамыту, білім беру сапасын арттыру және оқытудың инновациялық әдістерін енгізу мәселелерін талқылауға арналды. Қатысушылар үздік тәжірибелерімен бөлісіп, әрі қарайғы ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін талқылады.
Осындай іс-шараларды өткізу білім беру мекемелері арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға және ауыл мектептерінің әлеуетін дамытуға ықпал етеді, оқушыларды сапалы біліммен және заманауи оқыту әдістерімен қамтамасыз етеді.