logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Кітапхана

Кітапхана

Мектеп кітапханасы тек баспа және электронды басылымдар жинағы ғана емес, сонымен қатар заманауи ақпараттық-білім беру орталығы болып табылады. Ол:

  • жоғары сапалы білім көздеріне тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді;

  • оқушылардың оқу, жобалық және ғылыми-зерттеу әрекеттерін қолдайды;

  • функционалдық, ақпараттық және оқу сауаттылығын дамытуға ықпал етеді;

  • өз бетінше білім алу және жауапты оқу мәдениетін қалыптастырады.

Кітапхана қызметі адамгершілік құндылықтар мен отандық және халықаралық білім берудегі озық тәжірибеге негізделген қолайлы орта құруға бағытталған.

Кітапхананың негізгі жұмыс бағыттары

Білім беру және ақпараттық қолдау

Кітапхана оқушылар мен мұғалімдерді төмендегі ресурстармен қамтамасыз етеді:

  • оқу, анықтамалық және көркем әдебиеттер;

  • энциклопедиялар, сөздіктер және ғылыми-көпшілік басылымдар;

  • электрондық білім беру платформалары мен деректер базасы.

Зерттеуді қолдау

Оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуда кітапхана маңызды рөл атқарады:

  • сенімді ақпаратты табуға және таңдауға көмектеседі;

  • жобалық және зерттеу жұмыстарына қолдау көрсетеді;

  • дереккөздермен жұмыс істеуді және зерттеу нәтижелерін ұсынуды үйретеді.

Ақпараттық және оқу сауаттылығы

Негізгі бағыттардың бірі – функционалдық сауаттылықты дамыту. Оған мыналар кіреді:

Ақпараттық сауаттылық:

  • ақпаратты тиімді іздеу;

  • дереккөздерді сыни тұрғыдан бағалау;

  • цифрлық және баспа ресурстарын этикалық әрі жауапкершілікпен пайдалану;

  • академиялық адалдық принциптерін ұстану.

Оқу сауаттылығы:

  • мағыналы және аналитикалық оқу;

  • әртүрлі жанрдағы мәтіндерді түсіну және талдау;

  • қорытынды жасау және өз ұстанымын дәлелдеу қабілетін дамыту;

  • оқуға және өзін-өзі тәрбиелеуге деген тұрақты қызығушылықты арттыру.

Көптілділік және халықаралық тәжірибе

Кітапхана қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі ресурстармен қамтамасыз ету арқылы көптілді білім беру ортасын қолдайды. Бұл:

  • оқушылардың тілдік құзыреттілігін дамытуға;

  • халықаралық білім беру тәжірибесін интеграциялауға;

  • оқушыларды әлемдік академиялық кеңістікте білім алуға және қарым-қатынас жасауға дайындауға ықпал етеді.

Кітапхана құндылықтары

Кітапхана жұмысы NIS оқу процесінің негізгі құндылықтарына негізделген:

  • әрбір адамның жеке басына, мәдениетіне және пікіріне құрметпен қарау;

  • оқушылар, мұғалімдер және кітапхана арасындағы ынтымақтастық;

  • азаматтық жауапкершілік пен патриотизм;

  • академиялық адалдық және ақпаратты этикалық пайдалану;

  • білімге ашықтық;

  • өмір бойы үздіксіз білім алу және даму.

Кітапхана – даму кеңістігі

Көкшетаудағы NIS кітапханасы – бұл:

  • оқушылардың интеллектуалдық әлеуеті шыңдалатын;

  • 21-ғасыр дағдылары қалыптасатын;

  • дербестікке, ізденімпаздыққа және жауапкершілікке баулитын;

  • табысты оқудың, кәсіби өсудің және белсенді азаматтық ұстанымның негізі қаланатын кеңістік.

Электрондық ресурстар

Назарбаев Зияткерлік мектебінің кітапханасы оқушылар мен мұғалімдерге келесі электрондық ресурстарды ұсынады:

1. Gale (Cengage Learning) — халықаралық білім беру дерекқоры. Gale — ірі білім беру компаниясы Cengage Learning құрамына кіретін ресурс. Ол әлем бойынша цифрлық оқу материалдары мен құралдарын әзірлейді. Cengage 125-тен астам елде жұмыс істейді.

2. LibGuides (NIS онлайн кеңістігі) Бұл — НЗМ оқушылары мен мұғалімдері үшін арнайы жасалған ресурс. Мұнда мектеп бағдарламасының пәндері (химия, биология, география, тарих, тілдер және т.б.) бойынша тегін онлайн-ресурстар, кітаптар мен бейнематериалдар жинақталған.

3. Bilimland — интерактивті білім беру платформасы. Қазақстандық бұл платформа мектептегі білім мен цифрлық дағдыларды нығайтуға бағытталған. Оған келесі порталдар кіреді: