Жаңалықтар
“Берік отбасы” бағдарламасының қорытындысы: қатысушыларға сертификаттар табысталды
27 ақпан 2025 16:02
Отбасы институтын нығайтуға бағытталған “Берік отбасы” бағдарламасы өз мәресіне жетті. Бағдарлама аясында қатысушылар жанұялық құндылықтарды сақтау, қарым-қатынасты жақсарту, дағдарыстық жағдайларды еңсеру және ата-ана тәрбиесінің тиімді әдістерін меңгеру бойынша арнайы курстардан өтті.
Бұл бағдарламаға 140-қа жуық 7-сынып оқушыларының ішінен 98 отбасы қатысты. Қорытынды шарада бағдарламаны сәтті аяқтаған 7 «В», 7 «D», 7 «F» және 7 «Н» сыныптарының ата-аналарына арнайы сертификаттар табысталды. Іс-шара барысында ұйымдастырушылар отбасы институтының маңыздылығын атап өтіп, мұндай бағдарламалардың қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтуға ықпал ететінін тілге тиек етті.
Қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, бағдарламаның күнделікті өмірде қолдануға болатын құнды ақпарат бергенін және отбасы ішіндегі өзара түсіністікті арттыруға көмектескенін атап өтті. “Берік отбасы” бағдарламасы болашақта да жалғасын тауып, отбасы құндылықтарын насихаттауға өз үлесін қоспақ.