Жаңалықтар
MUNIX - MUN of intellectual Exchange - 2025
02 сәуір 2025 13:18
Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде республикалық ауқымды деңгейде «Біріккен Ұлттар Ұйымының Моделі» аймақтық конференциясы өтті.
Бұл беделді шара Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен келген оқушыларды біріктіріп, оларға өзекті жаһандық мәселелерді талқылауға және дипломатиялық дағдыларын дамытуға бірегей мүмкіндік берді. Оқушылардың сыни ойлау, қоғамдық сөйлеу және келіссөздер жүргізу дағдыларын жетілдіре отырып, басқа мектептердің қатысушылары мен құнды байланыстар орнатуына мүмкіндік берді.
Конференция нәтижесінде Орал NIS делегациясынан 5 оқушы үздік деп танылды.
«Best Delegate» - Боранбай Алдияр
«Honorable Mention» - Убишева Анель
«Honorable Mention» - Ерболатова Наргиза
«Honorable Mention» - Акылбек Мирас
«Best Postion Paper» - Досбулатова Милана
Барша марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз!