logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Орал NIS оқушысы республикалық пәндік олимпиадада жүлдегер атанды

07 сәуір 2025 15:35

Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Айша Байдат қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен өткен республикалық пәндік олимпиадада қола жүлдеге ие болды.
Білімділік пен терең талдау қабілеті сынға түскен бұл додада оқушымыз өз білімін жоғары деңгейде дәлелдеп, үздіктер қатарынан көрінді. Аталмыш бағытта бұған дейін де бірқатар жетістіктерге қол жеткізген Айша әр жыл сайынғы пәндік олимпиадаларда топ жарып, қазақ тілі мен әдебиетіне деген терең қызығушылығы мен біліктілігін дәлелдеп келеді. Зияткеріміз «Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы көркемдегіш сөздерді тілдік қолданысқа енгізу» («soyle.kz» YouTube каналы негізінде) тақырыбында төл жобасын назарға ұсынып, республикалық ғылыми-шығармашылық байқауда бас жүлдені қанжығасына байлаған болатын.
Жетістікке жету жолында талмай еңбектенген зияткер мен пән мұғалімі Замзагул Тлепбергеновнаны шын жүректен құттықтаймыз!

Фотогалерея

image-
image-