logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Республикалық олимпиадада үздік нәтиже көрсетті

28 сәуір 2025 16:42

Көкшетау қаласында ағылшын, француз және неміс тілдері бойынша республикалық олимпиада өз мәресіне жетті. Олимпиадаға еліміздің барлық өңірлерінен ең үздік оқушылар қатысты.
Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары дайындық деңгейінің жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеп, мектеп қоржынына бір күміс және екі қола медаль қосты.

Ағылшын тілі пәнінен Беркін Нұрымхан 3 орынды иеленсе, Серік Әнуар 2 орынмен марапатталды. Неміс тілі пәнінен Кубайдоллаев Әбілмансұр үздіктер қатарынан көрініп 3 орынға ие болды.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға қатысқан барлық зияткерлеріміз жүлдегер атанып, мектебіміздің мерейін асқақтатты!

Оқушылар мен жетекші ұстаздары Хайруллина Шолпан Марсовна, Уразова Алима Нурлибаевна және Абилова Альбина Гизатулловнаны шын жүректен құттықтаймыз!