logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің екі командасы ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2025 чемпионатына қатысып, жоғары нәтиже көрсетті.

12 мамыр 2025 15:49

Бірінші команда құрамында Убишова Анель, Ерболатова Наргиза, Мендикул Айнара, Гибрат Ахметолла, Нурланов Мирас және Мажит Надир жартылай финалдық кезеңде үздік ойын өрнегін көрсетіп, ақтық сынға бір қадам жетпей тоқтады. Дегенмен, олардың дайындығы мен зияткерлік әлеуеті жоғары бағаланды.

Ал екінші команда құрамындағы Туганбаев Демеу, Нуржан Ширали, Боранбай Алдияр, Мукашев Абылайхан финалдық кезеңде ғылыми жобаларын таныстырып, ерекше табандылық пен білімдерін паш етіп, жеңімпаз атанды. Олар сайыс нәтижесі бойынша кубокпен, дипломдармен және Ғ. Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің оқу гранттарымен марапатталды.

Бұл жеңіс – оқушылардың еңбегі мен ұстаздардың дайындығының жемісі. Назарбаев Зияткерлік мектебінің білім алушылары тағы бір мәрте биік белесті бағындырып, өз мектебінің абыройын асқақтатты.

Фотогалерея

image-
image-