Жаңалықтар
Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы Мұрат Мейірбек халықаралық деңгейде еліміздің абыройын асқақтатты
13 мамыр 2025 09:17
2025 жылдың 7–13 мамыр аралығында Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласында өткен математика және информатика пәндері бойынша III Халықаралық Әл-Хорезми олимпиадасында Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы сапында өнер көрсеткен Мейірбек байрақты бәсекеде II орынды иеленді.
Дарынды оқушыны жарысқа дайындаған мұғалімі - кәсіби білікті ұстаз Ибрагимова Галия Беркаировна. Ұстаз бен шәкірттің табандылығы мен қажырлы еңбегінің нәтижесінде бұл үлкен жетістікке қол жеткізілді.
Әл-Хорезми олимпиадасы — математикалық және алгоритмдік ойлауды дамытуға бағытталған беделді халықаралық сайыстардың бірі. Жыл сайын түрлі елдерден үздік оқушылар қатысатын бұл жарыста Мейірбектің жоғары нәтиже көрсетуі — оның білімге деген ынтасы мен зеректігінің дәлелі.
Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі үшін бұл — үлкен мақтаныш! Оқушымыздың бұл жеңісі өзге де шәкірттерге шабыт сыйлап, ғылым жолында алға ұмтылуға серпін беретіні сөзсіз.
Мейірбекке алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындырып, еліміздің білім саласында жарқын жетістіктерге жетуіне тілектеспіз!