logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Қазақстанның көк байрағы тағы да әлемдік ареналарда желбіреді

16 маусым 2025 13:15

13–15 маусым күндері АҚШ-тың Массачусетс штатындағы Вустер қаласында орналасқан Worcester Polytechnic Institute базасында WPI Annual FIRST® LEGO® League (FLL) Event (WAFFLE) атты халықаралық робототехника чемпионаты өтті.

Әлемнің түкпір-түкпіріндегі 108 елден келген 650-ге жуық команда өз жобалары мен инновациялық идеяларын ортаға салып, мықтылардың мықтысын анықтады.

Осы байрақты бәсекеде Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары құрған Tidal Tumble командасы Engineering Excellence Awards - Finalist (2 орын дәрежесі) номинациясында финалист атанды!

Бұл - тек мектептің ғана емес, тұтас Қазақстанның жетістігі!

Серік Әлихан, Назар Таир, Сейтенов Адлет, Сериков Ильяс, Уашев Таир, Беркін Нұрымхан, Сериков Адильхан, Төреқожа Фаррух және Абдрахманов Азат сынды жас зияткерлеріміз – ел намысын қорғап, әлемге қазақ жастарының ақыл-парасатын, білімін және инженерлік қабілетін паш етті!

Команданың жетекшісі - Мақсотов Армат Болатұлы.