logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Оқушыларымыз республикалық дебат турнирінде жеңіске жетті

06 қараша 2025 15:36

Алматы қаласында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған республикалық дебат турнирінде біздің оқушыларымыз жоғары нәтиже көрсетті.

Ағылшын лигасы бойынша облыс намысын қорғаған Тажмұқан Дана, Кибас Ақбота және Булекбаев Алихан (жетекшісі – Иргалиев Сабыр Сайынович) 1-орын иеленіп, үздік атанды.

Сонымен қатар, Булекбаев Алихан жеке дара «Үздік спикер» номинациясын жеңіп алды.

Бұл жеңіс – оқушылардың табандылығы мен жетекшінің еңбегінің жемісі. Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!