Жаңалықтар
Орал NIS оқушысы Қ.Сәтбаев атындағы халықаралық химия олимпиадасында жүлделі орынға ие болды
03 қараша 2025 11:53
Химия пәнінен өткен Қ.Сәтбаев атындағы халықаралық олимпиадада Орал NIS-тің 10-сынып оқушысы Ғайнулла Әлихан өз білімін жоғары деңгейде сынап, күміс медальға ие болды.
Бұл жарыста Әлихан «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ намысын абыроймен қорғады.
Оқушының ғылыми ізденісі мен табандылығының арқасында қол жеткізілген бұл жетістік – ұстазы, мұғалім-эксперт Киматова Гүлсім Талапқызының еңбегінің нәтижесі.