logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ата-аналар комитетінің кезекті отырысы өтті.

18 желтоқсан 2025 20:17

Отырыста мектептің оқу және тәрбие жұмыстарының тоқсан қорытындылары таныстырылып, оқушылардың үлгерімі, тәрбие іс-шараларының нәтижелері және алдағы жоспарлар талқыланды.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Айдар Султанов оқу жұмысының негізгі көрсеткіштерін айтып, оқушылардың білім сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарға тоқталды.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Эльвира Айдыналиева мектептегі тәрбие жұмыстарының нәтижелерін қорытындылап, өткізілген іс-шаралардың балаларға тигізген әсерін, сондай-ақ ата-аналармен бірлескен жұмыстарды атап өтті.

Директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Гульзина Нагибова ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту жолдарын, жаңа бағыттар мен жобаларды таныстырды.

Орал қаласындағы НЗМ ЖМБ оқушыларының қауіпсіздігі мәселесі бойынша директордың қаржы-шаруашылық жөніндегі орынбасары Мирлан Мустафин, ал медициналық қызмет туралы мектеп дәрігері Алёна Ботова толық ақпарат беріп, балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау шараларын атап өтті.

Отырыстың соңында ағымдағы мәселелер қаралып, ата-аналардың сұрақтарына жауап берілді, ұсыныстар мен пікірлер назарға алынды.

Фотогалерея

image-
image-
image-