logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

ТӘРТІПТІ САҚТА, ҚАУІПТЕН САҚТАН: ПОЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

19 ақпан 2026 14:26

Қауіпсіздік – басты назарда. Орал қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебіне Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің өкілдері келіп, «Заң және тәртіп» тақырыбында кездесу өткізді.

Орал қаласы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция полковнигі Артур Мусагалиев, ПБ Әкімшілік полиция бөлімінің бастығының м.а., полиция капитаны Самат Кадыров, КПб аға жедел уәкілі, полиция майоры Азамат Зайнуллин, ҚҚб аға УПИ полиция майоры Нурбек Туркпенов және ҚҚб ЮПт КТіЖ УПИ полиция майоры Оралхан Кайдаров білім ордасының ұстаздары мен оқушыларына киберқылмыс, интернет-алаяқтық, кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі жөнінде сөз тарқатты. Ата Заң алдындағы азаматтық міндеттер мен күнделікті өмірде сақтау керек тәртіп шаралары туралы айтты.

Жалпы қауіпсіздіктің алдын алу мақсатында ұйымдастырылған профилактикалық шараның маңызы жоғары. Қатысушыларға арнайы видеороликтер назарға ұсынылып, тәртіп шеңберінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мектеп мұғалімдері де кері байланыс орнатып, қауіпсіздік мәселесі оқыту барысында үнемі айтылатынын жеткізді.

Фотогалерея

image-
image-