logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Ақ раушан гүлдер – Алғыс айту күнінің әсерлі сыйы

02 наурыз 2026 14:47

Орал қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Алғыс айту күніне орай дәстүрлі «Ақ раушан гүлдер» акциясы өтті.

Кіші қызметкерлерді қуанту мақсатында өткізілетін шағын шара зор мағынаға ие: балаларды адамдардың әр еңбегін бағалауға үйрету, әр жұмыстың қадірін ұғындыру, сыйластық сезімін күшейту. Оқушыларымыз биыл да ақ раушандарын және тәттілерін тазалық жұмыстарын атқаратын жандарға тарту етті.

Акция соңында 10-сынып оқушысы Әлинұр Хамзин әсем әуен орындап, мектеп ішін көтеріңкі көңіл күйге бөледі.