logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«INFOMATRIX ASIA – 2026» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНАН АЛТЫН ЖӘНЕ КҮМІС ЖҮЛДЕ

31 наурыз 2026 14:39

Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Астана қаласында өткен «INFOMATRIX ASIA – 2026» халықаралық байқауынан олжалы оралды.

Шәкірттеріміз өз жобаларын сәтті қорғап, алтын және күміс жүлделерге ие болды. Аталған байқаудың іріктеу кезеңіне оннан астам елдің оқушылары қатысып, үздіктер финалға жолдама алды.

Біздің жүлдегерлер:

Алшинов Ақниет, Манкеев Аян – ІІ орын/күміс медаль «KepTess – ғарыштық ретранслятор аппараты» жобасы. Жетекшісі: Бисекенов М.Е.

Абилов Алдияр, Дүйсенбай Эльнадир, Шамуратов Таир, Туганбаев Демеу – І орын/алтын медаль. «MineSafe — шахталардағы қауіпсіздікті бақылауға арналған білезіктер мен ретрансляторлар жүйесі» жобасы. Жетекшісі: Нурмуханова Г.А.

Горчаков Диас, Мухамбеткалиев Алихан, Сарсембаев Адильбек – І орын/алтын медаль. «OcuWave — глаукоманы ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік беретін көз ішілік қысымды өлшеуге арналған аппарат» жобасы.

Құттықтаймыз!

Фотогалерея

image-
image-
image-