Жаңалықтар
«NIS HACKATHON – 2026» ЖЕЛІЛІК КОНКУРСЫНАН ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН ЖӘНЕ ОҚУ ГРАНТЫ
02 сәуір 2026 16:32
«NIS Hackathon – 2026» желілік конкурсында Орал NIS оқушылары жоғары нәтиже көрсетті. Аталған дода 9-12 сынып зияткерлері арасында Тараз қаласында өтті. Қатысушылар 24 сағат ішінде мобильді қосымшалар, веб-сервистер және өзге де цифрлық өнімдердің прототиптерін әзірлеп, өзара сайысқа түсті.
Нәтижесінде, білім ордамыздың 10 «С» сынып оқушысы Бауыржан Әміржан командасымен жүлделі ІІІ орынды иеленіп, 50.000 теңгелік сертификатқа ие болды. Ал 10 «А» сынып оқушысы Манкеев Аян командасымен бірге «Үздік техникалық шешім» номинациясының жеңімпазы атанды.
Сонымен қатар, төрешілердің ерекше бағасына ие болған Манкеев Аянға еліміздегі беделді жоғары оқу орындарының бірі – Қазақ-Британ техникалық университетінің 100% оқу гранты табысталды. Бәрекелді!