Жаңалықтар
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
03 сәуір 2026 16:39
Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары республикалық олимпиадада жеңіс тұғырынан көрінді.
Алматы қаласында өткен 9–11 (12) сынып оқушылары арасындағы география және химия пәндері бойынша республикалық білім додасында шәкірттеріміз І орынға ие болып, мектеп қоржынына қос алтын медаль әкелді.
🥇Химия пәнінен – Алихан Ғайнолла, 10-сынып оқушысы (жетекшісі: Гүлсім Киматова)
🥇География пәнінен – Ерасыл Махсот, 8-сынып оқушысы (жетекшісі: Болғанай Абуова)
Айта кету керек, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының құрама командасы академиялық дайындықтың жоғары деңгейін көрсетіп, жалпыкомандалық есепте көш бастады.
Дарынды оқушыларымыз бен олардың жетекшілерін жарқын жетістіктерімен құттықтаймыз!