Жаңалықтар
АТА-АНАЛАР КОМИТЕТІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ
09 сәуір 2026 11:42
Мектебіміздің ата-аналар қауымдастығымен байланысы берік. Орал қаласындағы NIS-те Ата-аналар комитетінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде бірнеше маңызды мәселе қаралды.
Алдымен Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің аға учаскелік инспекторы, полиция майоры Нұрбек Түркпенов жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесін көтерді. Ол буллинг түрлеріне тоқталып, балалар арасында кездесетін кибербуллинг пен алаяқтық туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Түрлі жағдайларды мысалға келтіре отырып, оқушылардың қауіпсіздігін бірлесе қамтамасыз етуге шақырды.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айдар Сұлтанов ІІІ тоқсан қорытындысы бойынша білім сапасына талдау жасады. Оқу үлгерімі жөніндегі көрсеткіштермен бөлісіп, жоғары нәтижеге жету жолында атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырды. Сонымен қатар академиялық адалдық мәселесіне де ерекше тоқталды.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Эльвира Айдыналиева өткен тоқсанда атқарылған тәрбиелік шаралар туралы бейнеесеп ұсынып, IV тоқсан мен жазғы кезеңге жоспарланған іс-шаралармен таныстырды. Сонымен қатар мектеп әкімшілігі ата-аналар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.