logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН «I SPORT RESEARCH FEST» ЖЕЛІЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

10 сәуір 2026 14:27

Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұйымдастыруымен «I SPORT RESEARCH FEST» желілік онлайн конференциясы өтті. Дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған «Қазіргі мектептегі дене тәрбиесінің жаңа бағыттары: педагогикалық шешімдер мен тәжірибелер» тақырыбындағы іс-шара алғаш рет ұйымдастырылып, 100-ден аса қатысушыны қамтыды.

Бұл конференция – педагогикалық шеберлікті дамытуға, озық тәжірибені таратуға және дене шынықтыру саласындағы педагогтердің зерттеу белсенділігін ынталандыруға бағытталған кәсіби деңгейдегі іс-шара.

Онлайн конференцияда бірнеше секциялық алаңдар болды, атап айтсақ, 1-секция «Lesson study педагогикалық шеберлікті арттыру құралы ретінде», 2-секция «Action research: теориядан практикаға. Қазіргі дене шынықтыру сабағы: ол қандай?», 3-секция «Дене шынықтыру сабақтарында жасанды интеллект тұжырымдамасын іске асырудағы өзекті сын-қатерлер», 4-секция «Дене шынықтыру сабақтарында бағалау құралдары мен әдістері».

«Бұл жобаны іске асыруда Астана қаласындағы Білім беру бағдарламалары орталығы қолдау көрсеткенін атап өту керек. Конференцияның маңызды қыры – тәжірибе алмасу. Жоба шеңберінде дене шынықтыру мұғалімдері оқытудың тиімді әдістемелері мен практикаларымен алмасуға бағытталған педагогикалық тәжірибені ұсынып, әріптестерімен бөлісті. Әр қатысушы кәсіби құзыреттілігін арттырып, шығармашылық ізденіске шабыт алғанына сенімдімін», - дейді «NIS USTAZ» қауымдастығының ғылыми-зерттеу жұмысы департаментінің төрайымы, аталған конференцияның авторы Гульнар Батырова.

Сонымен қатар, аталған секция бойынша үздік жұмыстар бағаланып, жүлделі орындармен анықталды:

1-секция бойынша:

І орын – Ақтөбе НЗМ

ІІ орын – Астана НЗМ

ІІІ орын – Орал НЗМ

2-секция:

І орын – Шымкент-Абай НЗМ

ІІ орын – Астана НЗМ

ІІІ орын – Көкшетау НЗМ

3-секция:

І орын – Орал НЗМ

ІІ орын – Астана НЗМ

ІІІ орын – Астана-Нұра НЗМ

4-секция

І орын – Қызылорда НЗМ

ІІ орын – ISS of Astana

ІІІ орын – Павлодар НЗМ

Осылайша, «I SPORT RESEARCH FEST» тек үздік педагогикалық тәжірибелерді таныстыру алаңы ғана емес, сонымен қатар дене шынықтыру мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу мәдениетін дамытуға, кәсіби қауымдастықты нығайтуға және заманауи білім беру сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-