Жаңалықтар
МЕКТЕП АНСАМБЛІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӨНЕР ЖАРЫСЫНДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
14 сәуір 2026 14:16
Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары республикалық «Жұлдызды көктем» білім және өнер байқауында топ жарды.
Аталған байқау қаламыздағы «Жас өрен» өнер шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен өткен болатын.
Мектебіміздің 7-сынып оқушыларынан құралған «Мұрагер» ансамблі «Ер тұран» шығармасын орындап, «Аспапта орындаушылар» номинациясы бойынша Бас жүлдеге ие болды. Сонымен қатар «Super Grand Prix» атты арнайы жүлдеге лайық деп танылып, Ташкент қаласында өтетін халықаралық байқауға тегін қатысуға жолдама алды. Бәрекелді!
Жетекшісі: Нұркен Шайжанов.