Жаңалықтар
ИНФОРМАТИКА ПӘНІНЕН ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДАДА ЖҮЛДЕЛІ БОЛДЫ
14 сәуір 2026 14:19
Орал қаласындағы NIS оқушылары Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті ұйымдастырған пәндік олимпиадада жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Аталған оқу орны облыс мектептерінің 9 және 11-сынып оқушыларын пәндік олимпиада форматында өткен Ашық есік күніне шақырған болатын. Іс-шараның мақсаты – балаларға өз білімдерін тексеруге мүмкіндік беріп, болашақ мамандықты таңдауда сенімді қадам жасауына ықпал ету.
Білім сайысы бірнеше пән бойынша өтті. Соның ішінде информатика пәнінен бақ сынаған 100-ден астам оқушының арасынан NIS зияткерлері жүлделі орындарға ие болып, қуантарлық нәтиже көрсетті.
9-сынып бойынша – Есқали Дархан І орын, жетекшілері: Алдиярова А.А., Сулейменова А.А.
10-сынып бойынша – Кәрім Жомарт ІІ орын, жетекшісі: Нурмуханова Г.А.
11-сынып бойынша – Адилханов Адилжан ІІІ орын, жетекшісі: Хусанова Ж.Б.
Құттықтаймыз!