Жаңалықтар
ОҚУШЫЛАРДЫҢ «SU GUARD» ЖОБАСЫ «ASTANA STEAM FORUM» ЖӘНЕ «ALEM.AI BATTLE» БАЙҚАУЛАРЫНДА ЖҮЛДЕЛІ БОЛДЫ
18 мамыр 2026 16:21
Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Su Guard» жобасымен екі бірдей беделді байқауда жүлдегер атанды.
“Su guard” – қант диабетін жаңа тәсілмен, инесіз анықтауға арналған құрылғы. Мектебіміздің оқушылары – Мерей Бектенов, Сауран Ғилым, Алихан Мурзахметов, Бекарыс Махсот, Алан Темиргалеев аталған жобаларымен бұған дейін де бірнеше додаларда топ жарып жүр.
Осы жолы олар республикалық «Astana STEAM forum – 2026» STEAM жобалар байқауында ІІ орын алып, 150 000 теңгенің сертификатына ие болды. Сәттілікті еселеген жас дарындар ізін суытпай «Alem.ai Battle 2026» ұлттық байқауына қатысып, «Young Talent» номинациясын жеңіп алды. Еліміздің әр түкпірінен жиналған 830 команданың ішінен оралдық зияткерлердің жұмысы үздік деп танылып, оларға 3 ноутбук табыс етілді.