logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«FIRST CHAMPIONSHIP - 2026»: ОРАЛДЫҚ ОҚУШЫЛАР ХЬЮСТОНДА ЖОҒАРЫ НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ

05 мамыр 2026 16:40

Орал қаласы NIS оқушылары Хьюстонда робототехникадан өткен «FIRST Championship – 2026» Әлем чемпионатында жақсы нәтижеге қол жеткізді.

Білім ордамыздың 10 зияткерінен құралған Tidal Tumble командасы робот ойынында берілген 545 ұпайдың 535-ін жинап, лайықты ойын өрнегін көрсетті.

Оқушыларымыз әлемнің әр түкпірінен бас қосқан 160 команданың ішінде 12-орынға ие болып, өздерінің дарынды қабілеттерін дәлелдеді. Команда құрамы: Досхан Айтбаев, Бекнұр Жанболатұлы, Даниал Қожахмет, Демеу Туғанбаев, Алдияр Абилов, Алим Успанов, Дамир Мажит, Азат Абдрахманов, Оразбек Капашев, Абдулазиз Мақсот. Балаларға қолдау білдірген ата-аналар қауымының да орасан зор еңбегін атап өту керек.

FIRST Championship – робототехника мен инженерлік бағыттағы ең беделді халықаралық жарыстардың бірі. Балалардың сыни ойлау қабілетін, командалық жұмысын және күрделі жағдайда шешім қабылдау қабілетін бағалайтын ауқымды байқауға қатысудың өзі – жетістік.

Балаларды кезекті белесімен құттықтаймыз!

Жетекші: "робототехника" үйірмесінің жетекшісі Армат Мақсотов

Фотогалерея

image-
image-