logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

ОРАЛ NIS ОҚУШЫСЫ – ГЕОГРАФИЯДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

02 қыркүйек 2026 17:02

Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы Ерасыл Махсот Сербияның Копаоник қаласында ұйымдастырылған Халықаралық жасөспірімдер география олимпиадасында (International Junior Geography Olympiad) жүлделі ІІ орынды иеленіп, күміс медаль еншіледі.

Бұл беделді білім бәйгесінде ел намысын қорғаған ұлттық құрама командасы жоғары дайындық пен тамаша нәтиже көрсетті. Олимпиадаға қатысқан 9 қазақстандық оқушының 7-еуі ел қоржынын жүлдемен толықтырып, жалпы есепте 1 алтын, 3 күміс және 3 қола медальға қол жеткізді. Мемлекетіміздің көк байрағын әлем аренасында желбіреткен дарындылардың қатарында мектеп мақтанышы Ерасылдың болуы – зор мақтаныш.

Жетекшісі – мектебіміздің география пәнінің мұғалімі Болғанай Абуова.

Фотогалерея

image-