Жаңалықтар
11-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АТТЕСТАТ ТАБЫСТАУ РӘСІМІ
01 қыркүйек 2026 17:17
Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде негізгі орта білім беру бағдарламасын меңгергендігі туралы куәліктерді тапсыру рәсімі өтті.
Мектеп директоры Жұлдыз Сапарқызы 11-сынып оқушыларын маңызды да нәтижелі кезеңмен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Марапаттау рәсімі мектеп өміріне белсенді араласқан 12-сынып оқушыларына мақтау қағаздарын табыстаудан басталды.
Бұл күні Орал қаласындағы NIS-те барлығы 98 оқушы аттестат алды. Оның ішінде 8 оқушы ерекше үлгідегі аттестат иегерлері атанды. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Айдар Хамидоллаұлы зияткерлерге білім құжатын табыстап, жаңа оқу жылында жарқын жетістіктер тіледі.