Жаңалықтар
«ЖЕҢІСКЕ ЖЕТЕЛЕУШІ» ТӨСБЕЛГІСІ ИЕГЕРЛЕРІ
09 қыркүйек 2026 16:07
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ атынан халықаралық олимпиадалар мен байқаулардың жүлдегерлерін дайындағандары үшін Орал қаласындағы NIS мұғалімдері «Жеңіске жетелеуші» жоғары төсбелгісімен марапатталды.
Математика пәні мұғалімі Нурмаганбетова Бибинур Аманкелдиевна халықаралық «Жібек жолы» математикалық олимпиадасында ІІІ орынға ие болып, қола жүлдені қоржынға салған оқушымыз Мұрат Мейірбекті дайындағаны үшін🏅
Мектебіміздің математика пәні мұғалімі Жоламанова Айгул Тулегеновна Халықаралық лингвистика олимпиадасының қола жүлдесін иеленген шәкіртіміз Шыңғыс Қарасаевты әзірлегені үшін 🏅
Мектебіміздің инженерлік-техникалық шығармашылық және ақпараттық технологиялар зертханасының меңгерушісі Бисекенов Медет Есейұлы халықаралық «Ғылым әлемін ашамыз» байқауында ІІ орынды жеңіп алған зияткерлер – Султан Давлетбаев пен Адильбек Сарсембаевке жетекшілік еткені үшін аталған марапатқа ие болды🏅
Оқушыларды биік белеске бағыттаған мұғалімдерімізді әдемі марапаттарымен құттықтаймыз!