logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

29 қыркүйек 2026 09:40

Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Batys hub» орталығында өткен «Pizza Pitch» инновациялық жобалар байқауында топ жарды.

Бұл додада қала мектептерінен барлығы 50 жоба сынға түсіп, оның 12-сі финалдық кезеңге жолдама алды. Тартысты бәсекенің соңғы кезеңінде Орал NIS командалары сәтті өнер көрсетіп, жүлделі орындарды өзара бөлісті.

Мектебіміздің 11-сынып оқушылары Әміржан Бауыржан мен Бекнұр Жанболатұлы І орынға ие болып, 200 000 теңгеге ие болды. Олар кекештенетін адамдарға микрофон арқылы дауысын қайта жеткізіп, еркін әрі анық сөйлеуге көмектесетін «Fluenta» құрылғысын ұсынды.

Ал 11-сынып оқушылары Ерсұлтан Мұратқали мен Сұлтан Беккалиев ІІ жүлделі орынға қол жеткізіп, 150 000 теңгені жеңіп алды. Зияткерлер егістік жердегі топырақ жай-күйін анықтап, күтім жұмыстарын жеңілдететін «SoilPlus» агротехникалық инновациялық жобасымен ерекшеленді.

Сонымен бірге 9-сынып оқушылары Диас Горчаков, Санжар Мадиев және Алан Сембиев ІІІ орынды еншілеп, 100 теңгені жеңіп алды. Олар медицина саласында қатерлі ісікті ерте сатыда анықтап, оның асқынуының алдын алатын «Skin Guard» жобасын таныстырды.

Жетекші: мектебіміздің инженерлік-техникалық шығармашылық және ақпараттық технологиялардың кеңейтілген зертханасының меңгерушісі – Медет Есейұлы.