Жаңалықтар
МЕКТЕБІМІЗДІҢ ТУҒАН КҮНІ – ЖАҢА БУЫН ЖАРҚЫН ҮНІ
01 қазан 2026 09:52
Орал қаласындағы NIS-те «Мектебіміздің туған күні – жаңа буынның жарқын үні» атты 7-сынып оқушыларын шаңырақ қатарына қабылдау рәсімі өтті.
Білім ордамыздың мерейтойымен тұспа-тұс келген бұл іс-шараға оқушылар, ұстаздар қауымы және ата-аналар қатысты. Мерекелік кеште жас өрендер өз өнерлерін ортаға салып, ән шырқады, би биледі және күй орындап, көрерменді түрлі музыкалық туындыларымен тәнті етті.
Шараның ең маңызды сәтінде 7-сынып оқушылары білімде озат, қоғамдық өмірде белсенді болуға салтанатты түрде ант берді. Жиын соңында әр шаңырақтың көшбасшылары жаңа буынға ақжарма тілектерін айтып, үлкен өмір жолында жігер сыйлады.