Жаңалықтар
ЕРАСЫЛ МАХСОТ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «GEONOVA – 2026» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ І ОРЫН ИЕГЕРІ
06 қазан 2026 10:07
Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы Ерасыл Махсот халықаралық «GeoNova – 2026» пәндік олимпиадасында І орынды иеленді.
География пәнінен өткен білім додасы ағылшын тілінде онлайн форматта ұйымдастырылды. Зияткеріміз Қазақстан, Орта Азия елдері, Моңғолия, Индонезия, Украина, Армения, Әзірбайжан, Ресей, Чехия, Түркия, Румыния, Словения, Иран, Беларусь, Тунис, Тайвань және басқа да мемлекеттерден қатысқан 125 оқушының ішінен топ жарды.
Жас географтарға өздерінің аналитикалық дағдыларын, кеңістіктік ойлауы мен жаһандық білімін сынап көруге мүмкіндік беретін сайыс екі кезеңнен тұрды.
«Барлық қатысушы тікелей байланыста отырып, өзара сайысты. Бірінші кезең жазбаша өтсе, екінші кезеңде мультимедиалық тапсырмаларды орындадық», — дейді Ерасыл.
Оқушының жетекшісі — география пәні мұғалімі Болғанай Абуова.
Бәрекелді!