logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

09 қазан 2026 10:23

Оралдағы NIS ұжымы мектептің жаңа президентін ұлықтау рәсімін өткізді. 2026/2027 оқу жылындағы Орал қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің президенті – Адлет Сейтенов.

Бұған дейін мектепішілік сайлауда үш үміткер сынға түсіп, нәтижесінде Адлет 34,6 % дауыс көрсеткішімен жеңіске жеткен болатын. Мектептің жаңа Президенті ант беру барысында өзіне жүктелген жоғары міндеттерді адал атқарып, мектеп Жарғысы мен заңдарын сақтай отырып, білім ошағына аянбай қызмет ететінін айтты.

Салтанатты іс-шара барысында әнұран шырқалып, Назарбаев Зияткерлік мектебінің Туы мен Жарғысы ортаға шығарылды. Білім ордасының басшысы Жұлдыз Сапарқызы мен 2020-2021 оқу жылында мектеп президенті болған Эльнара Нугманова сөз алып, жаңа көшбасшыға сенім білдіріп, ақ жол тіледі. Сонымен бірге әр шаңыраққа басшылық ететін оқушылар тағайындалып, көпшілікке таныстырылды.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-