Жаңалықтар
ЗИЯТКЕРЛЕР ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИРДЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
31 қаңтар 2025 11:41
Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен Облыстық мамандандырылған олимпиада резервінің балалар-жасөспірімдер мектебінде баскетболдан 3х3 U-12, 14, 16, 18, 23 жасөспірім ұлдар және жастар арасында Батыс Қазақстан облысының қысқы чемпионаты өткізілді.
3 күнге созылған чемпионатқа жалпы саны 120-дан астам командалар қатысты.
Өңірде жасөспірімдер арасында баскетбол спортын дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, жас спортшылардың шеберлік деңгейін жетілдіру мақсатында өткен бұл турнир тартысқа толы болды.
Нәтижесінде Назарбаев Зияткерлік мектебінің командасы жүлделі II орынға ие болды. Команда ойыншысы Бисенкулов Алан ақпан айында ҚР Ұлттық баскетбол федерациясының ұйымдастыруымен Тұркістан қаласында өтетін Республикалық қысқы чемпионатқа жолдама алды.
Жас спортшы ұлдарымыз бен жетекшісі Абзал Утеулиевичты жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!