logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

ЗИЯТКЕРЛЕР ОБЛЫСТЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНДЕ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

17 ақпан 2025 11:56

БҚО білім басқармасының «Дарын» қосымша білім орталығы мектеп оқушыларының шет тілін жетік меңгеру, зияткерлік қабілеттерін шыңдау, сыни ойлау, елдегі және әлемдегі мәселелерді халықаралық тілде талқылау, оқушылар арасындағы пікірсайыс қозғалысын дамыту және насихаттау мақсатында ағымдағы жылдың 15 ақпан күні 9-11 сынып оқушылары арасында ағылшын тілінде дәстүрлі «ORATORS' CUP» облыстық пікірсайыс турнирін өткізді.

Турнирге 11 фракция, 33 спикер, оның ішінде 4 аудан, 5 облыстық мектеп, Орал қаласы және Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары қатысты. Қазіргі актуалды тақырыптарды қамтыған турнирде оқу стандарты бойынша пәндерді біріктіру, оқу үлгерімі артқаны үшін мұғалімдерге сыйақы тағайындау, қысқа контентке бағытталған әлеуметтік желілердің танымалдылығының артуы пайдасынан гөрі зияны көбірек, мектеп оқушыларының студенттік пікірсайыс лигасына қатысуы, т.б. қарарлар ортаға тасталды.

Турнир нәтижесінде Назарбаев Зияткерлік мектебінің «HIGHEST IN THE ROOM» фракциясы оқ бойы озып, жеңімпаз атанды. Оқушыларымыз Убишева Анель, Кибас Ақбота, Булекбаев Алиханды және жетекшісі Иргалиев Сабыр Сайынұлын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Фотогалерея

image-
image-