Жаңалықтар
NIS Өскеменнің оқушылары Алматыда өткен жыл сайынғы «Dostyq Debate Cup» дебат турниріне қатысты.
16 қараша 2024 17:53
Қазақстан қоғамындағы өзекті проблемалық мәселелерді талдау және қоғамдық талқылау мақсатында, оқушылардың әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыру, нақты мәселелерді шешу механизмдері мен жолдарын қалыптастыру мақсатында 9-10 қараша күндері республикалық «Dostyq Debate CUP II» дебат турнирі өткізілді.
Турнирге Қазақстанның әр түрлі өңірлерінен 64 мектеп командасы қатысып, Senior және Junior лигаларына бөлініп, өздерінің шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін шебер көрсетті. Дебаттар келесі тақырыптарда өтті: «Ет өндіру мен тұтынуды тоқтату», «Балалардың денсаулығына қатысты маңызды шешімдерді медициналық мамандар емес, ата-аналар қабылдауы тиіс», «Білім беру жүйесі балалардың академиялық өзін-өзі бағалауын тым көтеруі тиіс (мысалы, тым оң пікірлер беру, сәтсіз бағалардан аулақ болу және т.б.)», «Оңтүстік Африкадағы «кемпірқосақ ұлт» туралы әңгіме» және тағы басқа.
Турнирді ұйымдастыруға басты қазылар алқасы жауапты болды, ол тәжірибелі дебатерлерден құралған, өздерін студенттік лигада мықты спикерлер мен объективті қазылар ретінде танытқан және әлемдік студенттік дебат турнирлеріне қатысқан мамандардан тұрды.
«Дискуссия жас ұрпақтың жан-жақты дамуы, олардың азаматтық белсенділігі мен интеллектуалдық ізденісі, дұрыс саяси бағдарларды қалыптастыруда ерекше орын алады. Қазіргі уақытта білім беру мекемелерінің тарапынан дебаттық ойындарды жаңғырту мен дамытуға көп көңіл бөлінуде. Биылғы турнир өте қызықты өтті, қатысушылардың көздерінен шабыт пен жеңіске деген құштарлық байқалды, сондай-ақ өз ойларын еркін жеткізуге деген талпыныс пайда болды», - деп атап өтті турнирдің ұйымдастырушысы Дүйсек Төлбасы Нұрланұлы.
«Dostyq Debate CUP II» республикалық дебат турнирінің қорытындысы бойынша NIS Өскемен мектебінің оқушылары Айша Ташкенова, Малика Сафина және Самир Мусахитов «Thunderbolts» командасының құрамында біздің мектептің және облысымыздың абыройын жоғары деңгейде қорғап, төрт раундтың үшеуінде жеңіске жетіп, турнирдің үздік төрттігіне енді. Турнир ұйымдастырушыларының шешімімен жартылай финал тек үздік екі команда үшін өткізілетін болды, қалған екі команда (оның ішінде біздің оқушыларымыз да бар) жартылай финалистер ретінде жарияланды.
Барлық дебат турнирінің қатысушыларына алғыс хаттар табыс етілді, сондай-ақ үздік қазылар мен үздік спикерлер дипломдармен марапатталды, ал жеңімпаздар дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.