logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Қапар Алина – Гонконг политехникалық университетінің толық грант иегері!

21 қаңтар 2025 09:58

Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 «B» сынып оқушысы Қапар Алина (Hong Kong Polytechnic University) жоғарғы оқу орнының «Computer Science» мамандығы бойынша толық грантына ие болды.

Гонконг политехникалық университеті (Hong Kong Polytechnic University, сондай-ақ PolyU немесе HKPU деп белгілі) — Гонконг қаласында, орналасқан мемлекеттік 1994 жылы университет мәртебесін алған белгілі оқу орны. Әр түрлі рейтингтер бойынша Гонконг политехникалық университеті Гонконгтың үздік бес университетінің қатарына және Азияның 30 үздік университетінің қатарына кіреді.

Алина Гонконг университетінің толық грантын иелене отырып, өзінің жоғары деңгейдегі білім мен ғылыми жұмыстарға деген қызығушылығы мен қабілеттерін дәлелдеді. Гонконг қаласындағы беделді университеттегі оқу Алинаның болашақта әлемдік деңгейде ғарыштық технологиялар мен компьютерлік ғылымдар саласында жаңашыл жобалар ұсынуға мүмкіндік бермек.

Алина Өскемендегі Назарбаев Зияткерлік мектебінде білім ала отырып, ғылыми және шығармашылық бағыттарда жетістіктерге жетіп, өз мүмкіндіктерін барынша дамытты. Атап айтқан «Book Took» деп аталатын білім платформасына патент иегері атанды, Space App Hackathon жобасындағы волонтерлік қызметі, DPG LAB жобасында финалист атанып, Model United Nations (MUN) дебаттарына қатысып, мектептің үздік шараларынан табыла отырып, өз шеберлігін дамыты. Бұл мектепте алған терең білім мен тәрбие оның болашақтағы білім алу жолында үлкен рөл атқары анық.

Қапар Алина – болашағы зор жас ғалым, әрі әлеуметтік жобалар мен ғылыми ізденістер арқылы әлемді жақсы жаққа өзгертуге ұмтылып жүрген оқушылардың бірі.Оның ғылым мен инновацияларға деген ықыласы жоғары, әрі ол әлемге жаңа технологиялар мен шешімдер ұсынуды көздейді. Жаңа жетістіктеріне қуана отырып, грант иегерін шын жүректен құттықтаймыз. Мектебіміздің туын жықпас, үлкен маман боларына сенеміз! Сәттілік!