logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS Өскемен Бозанбай орта мектебіне әдістемелік көмек көрсетті!

21 қаңтар 2025 10:06

«Ауылдық жерлердегі тірек мектебінің әлеуетін арттыру» жобасы аясында Өскемендегі Назарбаев Зияткерлік мектебі Бозанбай орта мектебінде әдістемелік көмек көрсетіп, өз тәжірибелерімен бөлісіп, оқу семинарын өткізді.

Мектеп мұғалімдеріне арналған семинарда әр пән бойынша түрлі әдіс-тәсілдер мен инновациялық жобалар ұсынылды:

СТЕМ сабақтарын ұйымдастыру – директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары Мукашева К.К.

Тәрбиелік жобалар, KiVa бағдарламасы бойынша - директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мухтарханова Г.Т.

Авторлық бағдарлама әзірлеу - педагог-сарапшы Байбуров Н.А.

Орыс тілі сабақтары және ЖИ қолдану - педагог-модератор Аргунова Т.В.

Математика және ЖИ қолдану - педагог-модератор Бектембаева А.С.

Информатика пәні бойынша ЖИ қолдану - педагог-модератор Тлеудин Е.А.

Ағылшын тілі пәні бойынша - педагог-сарапшы Алканова А.Д.

Физика пәні бойынша жаңа жабдықталған кабинеттің мүмкіндігін пайдалану - педагог-модератор Уазырханов М.К.

Химия пәні бойынша - Maurice Oyamo

Қазақ тілі және әдебиеті пәні бойынша Lesson Studу сабақтарын ұйымдастыру - педагог-модератор Арыстанбек Г.

Кітапханашының жұмысы - Амренова М.К.

Семинар соңында NIS Өскемен ұжымы Бозанбай орта мектебінің кітапхана қорына 100 кітап сыйға тартты! Ауыл мектептерінің әлеуетін дамыту жобасы аясында өткізілген семинарлар тірек мектептерінің сапасын жоғарылатуда үлкен рөл атқарады. Жасалған жұмыстар мектеп ұжымындағыларға тек пайдасын әкеледі деп сенеміз!