logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS Өскемен оқушылары ШҚТУ-дағы Лу Бань шеберханасымен танысты!

29 қаңтар 2025 11:23

Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушылары “Қоршаған орта” концепциясы аясында Шығыс Қазақстан Техникалық Университетіндегі Лу Бань шеберханасымен танысып қайтты.

Оқушыларға толық таныстыру жұмыстарын техникалық ғылымдар кандидаты, халықаралық инженерия мектебінің профессоры Мұрат Сейітович Муздыбаев жүргізді.

Лу Бань шеберханалары – техникалық және инженерлік мамандықтар бойынша заманауи білім беру орталықтары. Олар студенттер мен жас мамандарға жоғары технологиялық жабдықтармен жұмыс істеу дағдыларын үйретуге арналған.

Шығыс Қазақстан облысында Лу Бань шеберханасын құру – Қазақстан мен Қытай арасындағы білім беру және технологиялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам. Бұл бастама екі ел басшыларының 2022 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына арналған бірлескен мәлімдемесінде қарастырылды.

Электрокөліктер мен жаңа бағыттағы технологиялардың құнды мәліметтері мен шеберхананың жұмысымен танысуға мүмкіншілік берген ШҚТУ әкімшілігіне алғыс білдіреміз!