Конкурс жөнінде хабарлама
Конкурс жөнінде хабарлама
Құрметті үміткерлер мен ата-аналар!
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2026 – 2027 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында оқуға үміткерлерге Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау үшін конкурс жариялайды.
Құжат қабылдау 2026 жылғы 5-қаңтардан 9-ақпанға дейін жүргізіледі.
Мерекелік күн:2026 жылғы 7-қаңтар
Құжаттарды қабылдау:
1) eGov.kz веб-порталы арқылы 5-қаңтар сағат 09:00-ден бастап 9-ақпан сағат 18:00-ге дейін тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда;
2) Зияткерлік мектептің қабылдау комиссиясына қағаз түрінде тапсыру демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда дүйсенбі-жұма күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін; түскі үзіліс 12:30-дан 13:30-ға дейін жүргізіледі.
Зияткерлік мектептердің 7-сыныптарына оқушыларды конкурстық іріктеуге қатысуға құжаттарды тапсыру үшін сайтта онлайн-брондау сервисі арқылы талон алу мүмкіндігі болмаған жағдайда Зияткерлік мектептердің қабылдау комиссияларына келіп, кезек тәртібімен құжат тапсыруға болады.
Кешенді тест 2026 жылғы 27, 28 наурыз күндері өтеді.
Кешенді тесттің өту мерзімі | Тест | Тесттің ұзақты-лығы | Кешенді тесттің нәтижесі | «Өркен» білім беру грантын тағайындау конкурсының нәтижесі |
27 наурыз 2026 жыл | Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді игеру қабілетін бағалау тесті: - Сандық сипаттамалар - Жаратылыстану | 120 минут | Тестілеу нәтижелері www.nis.edu.kz сайтында кешенді тестілеудің екінші күнінен 40 күнтізбелік күн өткеннен кейін жарияланады | «Өркен» білім беру грантын тағайындау конкурсының нәтижесі Жұмыс органымен шығарылады |
28 наурыз 2026 жыл | Тілдік тест: | 120 минут |