Мектеп туралы
НЗМ Павлодар
НЗМ Павлодар
Павлодар қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен құрылып, 2013 жылдың 27 тамызынан бастап жұмыс істей бастады.
Миссиясы: Әрбір оқушының зияткерлік әлеуетін ашу арқылы тұрақты құндылықтары бар, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.
Көзқарасы: Мектеп түлектері – елінің патриоттары, берік адамгершілік құндылықтарға ие, үш және одан да көп тілді еркін меңгерген азаматтар. Олар – жан-жақты дамыған, дені сау, өзін-өзі жетілдіруге және шығармашылыққа ұмтылатын, сыни ойлай алатын және мәселелерді шеше білетін тұлғалар. Мектеп түлектері қазақстандық және шетелдік беделді жоғары оқу орындарына түсіп, сәтті аяқтайды, еңбек нарығында табысты бәсекелеседі және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосады. Мектеп орта білім беру жүйесіне инновациялық оқыту тәсілдерін, өзінің тәжірибесі мен практикаларын таратады.
Құндылықтары:
• Өзіне және айналасындағыларға деген құрмет
• Ынтымақтастық
• Жауапты азаматтық ұстаным
• Академиялық адалдық
• Өмір бойы білім алу
• Ашықтық
• Көшбасшылық