logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Курстар бойынша дайджест

10 қаңтар 2025 11:37

Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде мұғалімдер арасында онлайн курстар бойынша Дайджест іс-шарасы өтті. Бұл шара педагогтерге түрлі білім беру платформаларында (Coursera, Stepik, Academia KZ және т.б.) өткен онлайн курстар мен тағылымдамалар барысында алған білімдері мен тәжірибелерімен бөлісуге тамаша мүмкіндік берді.

Оқу жылының бірінші жартысында мұғалімдер мен кураторлар цифрлық құралдар мен қызметтерді меңгеру, жасанды интеллектті білім беру процесінде қолдану, практикалық педагогика және басқа да тақырыптар бойынша әртүрлі курстарға белсене қатысты. Бұл курстар оқытудың инновациялық әдістерінен бастап заманауи технологияларды білім беру жүйесіне енгізуге дейінгі кең ауқымды қамтыды.

Мұғалімдер кәсіби дамуға деген ұмтылысын және сабақта жаңа тәсілдерді қолдануға дайындығын көрсетті. Біліммен алмасу тәжірибесі шабыт беретін іс-шараға айналып, мұғалім мамандығында үздіксіз білім алудың маңыздылығын тағы бір мәрте айқындады.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-